Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Ең үздік бөбекжай-балабақшасы :)
Телефон
+7 (727) 264-37-64
E-mail
125@almatybala.kz
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 19:00
Қоңырауға тапсырыс
"№125 бөбекжай-балабақша"
» » » Дыбыстарды түзету бойынша балалармен үйде оқу қызметет өткізу үшін ата-аналарға кеңестер
05 ноя 2025

Дыбыстарды түзету бойынша балалармен үйде оқу қызметет өткізу үшін ата-аналарға кеңестер

Дыбыстарды түзету бойынша балалармен үйде 
оқу қызметет өткізу үшін ата-аналарға кеңестер

1.Баланы алдағы іс-әрекетке психологиялық жағынан дайындаңыз. Ол сөйлеуді дұрыстау керек екенін және ол үшін оқу керек екенін түсіну қажет. Ересек адам шыдамдылыққа толы болу керек, өйткені бұл жұмыс ұсақ болады. Қызығушылығыңызды көрсетіңіз, зейінді, табанды болыңыз.
2. Сабақ өтетін орнын дайындаңыз: үлкен емес үстел және бірдей биіктіктегі екі орындық. Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейінін шоғыландыру қабілеті өте төмен болатынын есіңізге сақтаңыз, сондықтан жанында баланы жұмысынан алаңдататын заттар болмауын қадағалаңыз.
3. Сабаққа жаман көңіл-күймен кіріспеңіз: сабақты өткізгіңіз келмейтінін балаға көрсетпеу керек. 
4. Егер бала шаршаған немесе тым қозған, сабақты өткізбеңіз, себебі көп жағдайда мұндай сабақтар нәтиже бермейді.
5.Тапсырманы орындау барысында баланы асықтырмаңыз.
6.Баланың берілген сөздердегі керекті дыбысты нақты және айқын айтуын қадағалап отырыңыз, суреттерді өзі немесе сіздің артыңыздан қайталап отырсын.
7.Егер де балада қайсыбір дыбыстар немесе сөздер шықпай жатса, оған дауыс көтермеңіз, орындауды талап тепеңіз, оның орнына бұл тапсырманы қашан орындай алатыны туралы келісіңіз. 
8.Әрбір балаға дұрыс сөйлеудімеңгеру үшін әр түлі уақыт қажет. Балаңыздың нәтижелерін басқа балалардың нәтижелерімен салыстырмаңыз. Мұнда жеке дара тұрғы қажет.
9. Жымиюды және әрбір, ең кішкентай болса да, жетістік үшін баланы мадақтауды ұмы
Сөйлеу кемшіліктерді еңсеру мерзімі бірқатар факторға байланысты:
1.Баланың жеке дара, жас және психологиялық ерекшеліктері
Көп жағдайда баланың бойында шырмалушылық, тұйықтық, кейде таныс емес құрдастармен немесе ересек адамдармен кездесуден қорқу байқалады, сондықтан кейде логопедке баланы өзіне қарату үшін және сабаққа ынталандыру үшін уақыт қажет. Сонымен қатар, түзету жұмысының тиімділігі ырықты зейіннің, қабылдаудың, естің, ойлау операциялардың даму деңгейіне байланысты болады. Артикуляцияға қатысатын мүшелерде (тіл, таңдай, тістер, жақ) аномалия бар жағдайда артикуляциялық аппаратты дыбыс шығаруға дайындығына тағы да қосымша уақыт керек;
2. Баланың сабаққа қатысуы
Логопед өз сабақтарын ойын түрінде өткізуге тырысады, бірақ олар сонда да оқыту сипатында өтеді, яғни бала бұл сабақтарда белгілі бір білімді, дағдыны меңгереді, ал оны келесі сабақтарда бекіту мен дамыту қажет. Сондықтан, егер бала сабақтарға кейде қатысып, кейде қатыспаса, алған білім мен дағдылар жоғалады немесе дамымайды да, логопедтік жұмыс баяулайды;
3. Түзету үрдісіне ата-ананың қатысуы
Егер сіздің балаңыздың сөйлеуінде ауытқулар болса, және ол логопедттік сабақтарға қатысса, бірақ сіз баламен үйде әрдайым қосымша тапсырмаларды орындамасаңыз, логопед ең мықты болсада, жақсы нәтиже алуға қиын болады, себебі дыбыс шығаруды түзету ‒ бұл балада жаңа шартты рефлексті қалыптастырту деген сөз (сөйлеудің жаңа әдеті), ал бұл әдет жағымды эмоциялық көңілмен, ата-ананың қолдауы мен тексеруімен бекітілуі керек (мадақтау, марапттау);
4.Дефекттің күрделілік дәрежесі, яғни сөйлеу диагнозына байланысты.


Қызықты Ұқсас жариялымдар
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
29 авг 2025
Қауіпсіздік шаралары
01 июл 2025
Ваучер туралы ақпарат
30 июн 2025
Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
01 июл 2025
"Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері" ата-аналарға кеңес беру
27 дек 2024

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив