27 дек 2024
"Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері" ата-аналарға кеңес беру
Мектепке дейінгі бола өз қолымен құрастырғысы келсе, сурет салуда, бірдемені жасауда (слепить) сәтсіздікке ұшырады дейік. Бірақ ол қайта – қайта іске кірісіп ақырында өз дегеніне жетуін балада өз мінезі бар деп есептейміз.Ал егер, бала бір сәтсіздіктен кейін – ақ жұмысты тастай саласа, мұндайда балада мінезі қалыптаспаған деп есептейміз.
Өзара жеке даралық қатынастармен байланысты қиыншылықтар: қарым – қатынастағы өзара әрекет пен өзара түсіну шеңберңнде баланың жеке және іскерлік қасиеті өзара қарым – қатнастардағы өзінің талпынысымен жетудегі табандық кезінде айқындалады. Бала өзіне назар аудартқысы келсе, адамның өзіне ықыласын табу, онымен достық, іскерлік қатынасқа түсуді мақсат тұтуынан байқалады. Біз кейбір балалардың айнала қоршаған адамдарға оларды дұрыс түсінсін деген талпынысының болуын байқаймыз. Егерде бала жағдайдың ондай емес екенін байқаса, қайткен күнде де өзінің мақсатына жетуге ұмтылады.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын алатын іс - әрекет бұл үй жұмысына, еңбегіне баланың қатысуы. 4 – 5 жастан бастап, бала үйде ылғи да істейтін жұмыс жүктелуі тиіс және бұны норма деп қарастыру керек. Бұл баланың жеке даралық дамуына зор ықпал етеді. Үй жұмысы барысында балада мұқияттылық, жауапкершілік, еңбекқорлық және т.б. пайдалы сапалары тәрбиеленеді. Бұл тек қана ата – анасына көмектесу үшін ғана қажет емес, сонымен қатар болашақта еңбекке икемділікті үйрену үшін де қажет.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты. Мектепке дейінгі баланың ойынында тәрбиелік функциясы баланың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыру құралымен, оның мотивациялық ауқымының даму қызметін атқарады. Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. Мектепке дейінгі баланың ойынына: «Символикалық ойын» бір заттың орнына ұқсас екінші бір затты қойып, оның бастапқы атымен емес, соңғы атымен атаушы ойын түрі және рольдік-сюжеттік ойындар.
Мектепке дейінгі ойын және еңбек іс - әрекет арасындағы ауысулар едәуір келісім шартты болып келеді, өйткені балада бір іс - әрекет түрі байқаусыз жайлап екінші түріне немесе керісінше ауысып отырады. Егер тәрбиелеуші баланың қарым – қатынасында және еңбегінде қандай да бір жеке даралық сапаның жеткіліксіздігін аңғарса, онда ең алдымен баланың ойынын ұйымдастыруда сәйкес сапалардың пайда болуы мен қалыптасуына көңіл бөлу керек. Егер баланың оқуында, қарым – қатынасында және еңбегінде кейбір жеке даралық сапалар байқалса, онда осы сапаларды басқара отырып едәуір күрделі жағдайында жаңа сапаларды құрудың дамуын жоғарылататын ойындарды ұйымдастыруға болады.
Олар - өзін - өзі бағалау, талап ету деңгейі тасқа жетудің қажеттілігі, дербестігі, бастамашылдығын (ынталы бастауы) мойындауға ұмтылысын т. б. Жас кезең -
сензитивті кезеңінің бастамасы осы жеке адамнық сапалардың маңызды кешенінің қалыптасуы. Айнала қоршаған адамдармен өздерін салыстыруы көптеген балаларда 3 жасар шамасында нақты бір өзіндік бағалау пайда болады. Ол дұрыс қалыптасса (өте жиі кездесетін жағдайлар, мысалы: баланы асыра мақтау немесе сөгу). баланың психикалық дамуына пайдалы болады. Өзіндік бағалауы «төмен» балалар әдетте өздеріне деген сенімі жоқ, сондықтан табысқа жетуге мүмкіншілігі бар жерде талпынысы аз және күш салуға әрекеттенбейді. Ал өзіндік бағалауы «жоғары» балалар керісінше, өз мүмкіншіліктерін асырып онша күш салмайды. Баланың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына 1,5 жастан бастап көңіл бөлу керек.
Егер ересектер баланы тәрбиелеуде оның табысына көңіл бөліп сәтсіздіктерге назар аудармаса, онда балада табысқа жету қажеттілігі көбейіп, тұрақталып, қалыптаса бастайды. Мұндай бала белсенді түрде кез – келген жұмыста осы сапалардың қалыптасуында бірнеше адамгершілік қасиеттері пайда болады, мысалы табандылық, мақсатты бағыттылық, жұмысқа қабілеттілігі, өзіне деген сенімі сондай – ақ жауапкершілік пен міндет туындайды. Жас кезеңде баланы өнегелік санасын емес, әңгіме өнегелі сезімін қалыптастыру. Өнегелі сезімді құрайтын эмоциялар жүйесі негізінде игілікті, бекзатты сезімдер бар: адалдығы, мейірімділігі, қайырымды – ықыластығы, ақ пейілдігі және т. б. және игіліксіз сезімдер болады: қызғаншақтық, зұлымдық, қатыгездік, дұшпандық, қастық, өшпендік т. б. Өнегелік сезімдердің тууына балада өнегелі пікірдің , қылықтардың қалыптасуы себеп болады, сондықтан дәл осыдан өнегелі тқасиеттерді қалыптастыруды бастау қажет, балада осы кезеңде айналасында қоршаған адамдармен қарым – қатынас жасауға қажеттілігі жоғары дамыған.
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғышқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғары жүйке жүйесінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қанайналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жас пен 1 жасты салыстырғанда 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миы салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады. 3 жасқа дейін баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік сепігін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасы мен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуына әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салытырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.
3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі өту кезеңі деп есептеледі. Осы кезде бала заттармен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.
3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөздерді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына қарай мазмұндық рөлдік ойындар ойнайды.
4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қозғалысқа икемділігі байқалады. Доптың немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарын да күнделікті көріп жүргендерін ғана бейнелейді.
5 жасқа келгенде қимыл-қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру,жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана, велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың граммматикалық сөздік өоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің тапсырмасын және қарапайым еңьек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына көп ықпалын тигізеді. Ертегі дәне әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды, соның нәтидесінде қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандығын байқаймыз. Бала ұжыммен бірігіп, ойнап, еңбек әрекеттерінің нәтижесінде өзінің жасаған жұмысына эмоциялық баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделенеді,Барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу әрекетін орындағанда да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.
Баладың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштер дәлелдейді.
Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен жіне бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы,өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір түрден екінші түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап тез сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерлегіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді, Енді біреулерді икемді, етпі десек, оған қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.