Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Ең үздік бөбекжай-балабақшасы :)
Телефон
+7 (727) 264-37-64
E-mail
125@almatybala.kz
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 19:00
Қоңырауға тапсырыс
"№125 бөбекжай-балабақша"
» » » 2020-2021 жж Қамқоршылық кеңестің отырысының №1Хаттамасы
14 сен 2020

2020-2021 жж Қамқоршылық кеңестің отырысының №1Хаттамасы

Қамқоршылық кеңестің отырысы


Хаттама №1


Өткізілген уақыты: 14.09.2020ж.

Өткізілген орны: №125 бөбекжай-балабақшасы

Отырыстың басталуы: 14.15 сағ.

Отырыстың аяқталуы:15.30 сағ.


Қатысқандар: 9 адам


                         Күн тәртібінде:


1.Балабақшаның қамқоршылық кеңесінің жұмысымен танысу.

2.Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрайымы, орынбасары, жауапты хатшы).

3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру және бекіту.

4.Балабақшада ертеңгіліктер, сайыстар мен ойын-сауықтар ұйымдастыру және өткізу.


                         Тыңдалды:


Бірінші мәселе бойынша меңгеруші А.Казбекқызы. сөз алды: «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркелгенін айтып, таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің нұсқауымен және кейбір тарауларын оқып таныстырды.


  1. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздіқ органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылатындығын, және Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайтындығы туралы айтып өтті.
  2. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады. Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:


  • жергілікті, өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • жұмыс берушілер және әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
  • коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
  • ата-аналар комитеті ұсынған параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушының бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
  • қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

       Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.


  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
  2. Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
  3. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдарын қызметкерлрі арасынан тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды. Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.
  4. Басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға. Білім беру ұйымы жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат бере алатындығы айтылды.
  5. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

 мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

  • басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
  1. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер:
  • білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
  • білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
  • спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.
  1. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурында тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.
  2. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
  • тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;
  • білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.
  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:
  • өз бастамасы бойынша;
  • отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығарылады.


Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша кеңес мүшелері бірауыздан:


Әділханов М.Ә. - Қамқоршылық кеңес төрайымына;

Абденова. Е.М. - Қамқоршылық кеңес орынбасарына;

Қайратұлы Д. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Нурсеитова А.. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Сулейменов М. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Конырова А. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Ишмухамедова Ш. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Махулбекова А. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Сабдиналиева Г. - Қамқоршылық кеңес мүшесіне;

Аймухамедова Г.Х. - Қамқоршылық кеңес хатшысына сайлады.


       Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық төрайымы жұмыс жоспарымен таныстырды, ал отырыс мүшелері болса осы жұмыс жоспарымен келісті. Жұмыс жоспары бекітілді.


Қаулы:


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын басшылыққа алып, жұмыс жасасын.
  2. Қамқоршылық кеңесі тағайындалған жаңа құрамымен өз жұмыстарын алға қойып, қамқорлық жұмыстарының жандануына ат салыссын.


Кеңес төрайымы:  Әділханов Мұрат Әділханұлы

 Хатшы:  Аймухамедова Г.Х.



Қызықты Ұқсас жариялымдар
Қамқоршылық кеңесінің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
14 сен 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
09 сен 2020
Мемлекеттік қызмет
01 сен 2020
Қамқоршылық кеңесінің қайта сайланған мүшелері
20 сен 2019
Жоспарлауда ескерілетін негізгі дерективті құжаттар
24 мар 2016

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив