КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚТАР
Жалпы ереже
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымдардың базасында ұйымдастырылады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі.
Консультациялық пункттер мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда отбасына көмек көрсетудің бір түрі болып табылады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункттердің қызметі мектепке дейінгі ұйымы мен баланың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өзара міндеттемелері туралы келісім -шартқа (1 қосымша) сәйкес өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Консультациялық пункт қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Негізгі міндеттері :
-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Консультациялық пункттің қызметін ұйымдастыру
Консультациялық пункттің қызметі шеңберінде:
бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтау, баланы одан әрі дамыту және тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары: ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша қажетті жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш бойынша сырттай консультация беруді ұйымдастыру, ата-аналар (заңды өкілдер) үшін дәрістер, теориялық және практикалық семинарларды ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымның сайтына орналастыру арқылы консультациялар мен әдістемелік ұсынымдар беру, балабақша мамандарының мектеп жасына дейінгі балаларға диагностикалық зерттеу жүргізуі болып табылады.
Отбасыларға консультация беру жұмысы мамандардың: басшының, әдіскердің, тәрбиешінің, медициналық қызметкердің, психологтың, логопедтің және басқа мамандардың қызметін кіріктіру негізінде құрылады.
Консультациялық пункттерге жұмысқа тартылған мамандардың саны мектепке дейінгі ұйымның түрімен, оның кадрлық құрамымен айқындалады.
Консультациялық пункттің қызметін тіркеу үшін келесідей құжаттаманы жүргізу қажет:
Консультациялық пункттің жұмыс кестесін мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітеді.
Консультациялық пунктті басқару және оған басшылық ету
Консультациялық пунктке тікелей басшылықты мектепке дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы консультациялық пункттің әрбір қызметкерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін айқындайды.
Консультациялық пункттің педагогикалық процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Консультациялық пункттегі педагогикалық процестің қатысушылары балалар, ата-аналар (заңды өкілдері), мектепке дейінгі ұйымның педагогтері болып табылады.
Консультациялық пункттің педагогтері:
Консультациялық пункт педагогтері:
Ата-аналар (заңды өкілдер):