Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Ең үздік бөбекжай-балабақшасы :)
Телефон
+7 (727) 264-37-64
E-mail
125@almatybala.kz
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 19:00
Қоңырауға тапсырыс
"№125 бөбекжай-балабақша"
31 окт 2020

Тарихымыз


Медеу ауданындағы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын №125 бөбекжай- балабақшасы 2015 жылы 1- желтоқсан күні  Тұңғыш Президент күніне орай ашылған. Ең алғаш Алматы қаласы бойынша Швейцария жобасы бойынша салынған балабақша .                                       

Балабақшаның ашылу салтанатына 2015 жылы 1 желтоқсан күні  елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев арнайы келіп қатысқан еді.

  Балабақша  ғимараты « Көктем Груп ЛТД» Жеке Шаруашылық Серіктестік  демеушілігімен мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында салынып, қала меншігіне өткізілген. Осынау әсем әрі жылы, сәулеті мен салтанаты келіскен балабақшаның салынуына тікелей көмек көрсеткен меценат, қалалық мәслихат депутаты Мұрат Әділханұлы .

  Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің   арқасы деп білеміз. 

№125 бөбекжай- балабақшасында  23- педагог қызмет етеді.  Балабақшамызда жоғары   біліктілік деңгейде -4 педагог , бірінші біліктілік деңгейде- 8 педагог, екінші біліктілік деңгейде -6 педагог,   санаты жоқ – 5 педагог жұмыс атқрады.

Балабақшаның жобалық қуатты -216 балаға арналған, жас ерекшелігіне қарай тоғыз топқа бөлінген. Балабақша қазақ тілінде жұмыс істейді. Мұнда әр түрлі ұлттың  балалары  тәрбиеленеді.   Олардың жас шамасы екі жастан алты жасқа дейінгі балалар. Балабақшамыздың  оқу- тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Ғимарат іші кең, жарық, таза, соңғы үлгіде заман талабына сәйкес жабдықталған. Әр бір топтың қазақша нақышта аталуы оларға ерекше ажар беріп тұрғандай. 

Балабақша балаларға арналған орталық іспеттес. 

Балдырғандар әсем безендірілген ғимаратта, жайлы жағдайда өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуға көңіл бөлетін білікті мамандардан дәріс алады.

Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Балабақша ұжымы аудан, қала көлемінде ұйымдастырылып отыратын байқаулардан қалыс қалған емес. Бірнеше рет алғыс хат, мадақтау грамоталарымен марапатталып келеді.

  №125  бөбекжай- балабақшасына келген балаланың күн режимі тұрақталып, бір уақытта тамақтанып, бір уақытта ұйықтауға үйренеді. Сонымен қатар, екі мезгіл таза ауада серуендеп қана қоймай, табиғат құбылыстары мен айнала қоршаған ортамен танысып, еңбекке араласып, табиғат анамен жақын қарым-қатынас орнатады. Әртүрлі дидактикалық, қимылды және сюжетті-рөлді ойындарда балалардың ақыл –ойы, денесі, логикасы, танымы дамиды           Балалардың  күлкісі  мен  мейірімі  арқасында  біздің  балабақша  жыл  өткен  сайын  гүлденіп,  көркейіп,жасара  түсуде. 

Педагогтардың  кәсіптік  деңгейі –балабақшаның  қаңқасы. Кәсіптік  қызметімізде  бізге  көмектесетін  бақшадағы  әр  тәрбиешінің   шығармашылық  белсенділігі,  жаңалыққа  құмарлығы.

Жаңашылдық  пен  ізденімпаздық –міне   біздің  мекеменің  басты  ұстанымы  осылар!

Балармен ғана емес, ата-аналармен де жұмыс жасайтын балабақша ұжымы түрлі сайыстар , тренингтер, ашық есік күндерін ұйымдастырып, бала тәрбиесіне ата-аналардың қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты мейлінше нығайтуға атсалысады.

балалар  өмір  гүлі деп танып Ал  гүлдер  ешқандай  жасандылықсыз,шынайылықпен  баптағанда  өседі. Бойымыздағы  бар  білімімізді, асыл  қасиеттерімізді  періште  бөбектерге  арнап келеміз, олардың  жүрегіне  жол  тауып, өзіндік «мені»  бар  дәрежеге  жеткізіп ,  Отанды, адамзатты  сүюге  тәрбиелеп –міне, біздің  балабақшамыздың  нағыз  мейірім  алаңына  айналып отыр.                 

Сапалы  білім   мен  өнегелі  тәрбиені  әр бір  бүлдіршіннің  бойына  сіңіру – мекеме  қызметкерлерінің  басты  мақсаты.  Бүгінге  нақты  бағдарлама жасай  отырып, болашаққа  ұмтылу,  жетістікке  жету  жолында  қызмет  етіп  келе жатқан балабақша педагогтары  тынымсыз еңбек етуде.

Үйінде ата-анасы ертегі оқып беруге уақыты жоқ балаларға тәрбиеші әртүрлі театр түрлерін ұйымдастырып, тәлімі мол әңгімелер оқып береді. Осындай жағдай жасап, мол мүмкінідік ашатын балалабақшаларда тәрбие мен білім алып жатқан балалар бақытты. Себебі, оларға тәрбиеші таң бар күш-жігерін салып жатыр. Таң атқаннан күн батқанға дейін көңіл бөліп, олардың жанжақты жетілген, дені сау, бақытты ұрпақ болуына бар күш-жігерін салып жатыр. Біздің №125 бөбекжай-балабақшамызға  балалар асыға келіп,   қуанып қайтады. Балалар өздерін үйлеріндегідей еркін сезініп, еркеліктерін көрсетеді. Күнделікті балалармен өткізіліп жатқан жұмыстар ата-аналармен бірлескен топқа жіберіліп отырады. Жұмысымыздың күрделі де қиын екеніне қарамастан ұрпағымыздың болашағы үшін бар жақсыны көрсетуге, барынша жан-жақты дамытуға тырысып, еңбектенудеміз. 25 баланы игеріп, олардың түрлі мінез-құлқын танып, тілін табу, білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, дамыту, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты болу төзімділік пен табандылықты, мейірімділікті, жұмысқа деген құштарлықты қажет етеді. Осынша күш-жігерді ата-аналардың алғысынан алып, бар қиындықты ұмытып, алға қарай адымдай түсеміз.

Өзінің ұрпағының болашағына алаңдап, ұрпағының дамып, жетілуі мен денсаулығын нығайтуды міндет етіп алған елде және өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, өзгенің баласын өз баласынан да артық қарайтын балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалар ең бақытты ұрпақ дер едім.


Қызықты Ұқсас жариялымдар
Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тақырыбындағы Эссе
29 июн 2020
«Жастар жылы»
06 фев 2019
Жоспарлауда ескерілетін негізгі дерективті құжаттар
24 мар 2016
Алматы қаласы Медеу ауданы Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын "№125 бөбекжай- балабақшасы" Алматы қаласының Білім басқармасы.
24 мар 2016

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив