Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды кешенді қолдау мақсатында өз жарлығымен 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Жастарға жасалып жатқан жағдайлардың барлығы жастардың жаңа жетістікке жетуіне жол ашады. Елбасының әрқашан жастарға қамқорлықпен қарап, оларды қолдауы жас ұрпақты ұлы мақсаттарға жетелейді.
«Келешегі кемел ел ғана жастар ісіне мән береді» дегендей Н.Ә. Назарбаевтың бұл ізгі бастамасы жастарға белсенділік танытуға үлкен дем береді. Осы орайда МКҚК №125 бөбекжай-балабақшасында жастарға біршама мүмкіндік жасалған. Жас отбасы ата-аналар арасында «Біз бақытты отбасы » атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Жастар жылы- үлкен мүмкіндіктер, биік армандар мен мақсаттардың орындалар уақыты. Барша жастарды бұл жылы белсенді болуға шақырамыз. Жарқын болашақ- белсенді жастардың қолында.