Кері байланыс Қабылдауға жазылу
Ең үздік бөбекжай-балабақшасы :)
Телефон
+7 (727) 264-37-64
E-mail
125@almatybala.kz
Жұмыс
Дс - Жм 8:00 - 19:00
Қоңырауға тапсырыс
"№125 бөбекжай-балабақша"
» » 2023-2024 оқу жылының есебі
31 май 2024

2023-2024 оқу жылының есебі

Алматы қаласы, Медеу ауданы КМҚК «№125 бөбекжай-балабақшасы»

2023-2024 оқу жылы

         Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты КМҚК №125 бөбекжай-балабақшасы 2015 жылы ашылып,  9 топтық  216 орынға арналған. Тізім бойынша 216 баланы құрайды.  Оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада балаларға бар жағдай жасалынған. Музыка, дене шынықтыру залы, психолог, логопед, тұз шахтасы кабинеттермен қазіргі заман талабына сай қамтамасыз етілген. Баланың денсаулығына аса көңіл бөлінеді. Жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жылдық міндеттемені орындау барысында ертеңгіліктер (Алтын күз, Жаңа жыл, 8-наурыз, 22-наурыз, 1-мамыр, 7-мамыр) көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Жыл басында 216 бала тіркеліп, оқу жылы соңында 216 бала аяқтады. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарты" негізінде жүргізілді.

Жыл бойы жұқпалы аурулар тіркелмеді. Санитарлық тазалық үнемі қадағаланды. Тәрбиешілер мен көмекшілер үшін гигиеналық талаптар бойынша нұсқама жүргізілді.

Жаз мезгілінде ғимараттың ішкі бөлмелеріне косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балалардың жатын орындары мен ойыншықтар жаңартылды.

Қырүйек айында барлық топтармен ата-аналар жиналысы өткізілді. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десе болады. Сондықтан, бала бойына құнды қасиеттерді сіңіріп, бақытты балалық шақ сыйлауда отбасы мен балабақшаның ықпалы зор.   

2023–2024 оқу жылы табысты аяқталды. Педагогтардың кәсіби біліктілігі артты. 2024–2025 жылы логопед маманын тарту, дене шынықтыру жабдықтарын толықтыру, цифрлық технологияны кеңейту жоспарлануда.


Қызықты Ұқсас жариялымдар
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы"
29 авг 2025
Қауіпсіздік шаралары
01 июл 2025
Ваучер туралы ақпарат
30 июн 2025
Көрсетілетін білім беру қызметін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы
01 июл 2025
2024-2025 оқу жылының бір жылдық есебі
26 май 2025

Добавить комментарий

Автору будет очень приятно узнать обратную связь о своей новости.

    • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
      heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
      winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
      worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
      expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
      disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
      joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
      sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
      neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив