Алматы қаласы, Медеу ауданы КМҚК «№125 бөбекжай-балабақшасы»
2024-2025 оқу жылы
Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты КМҚК №125 бөбекжай-балабақшасы 2015 жылы ашылып, 9 топтық 216 орынға арналған. Тізім бойынша 21 баланы құрайды. Оқу тәрбие жұмысы қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада балаларға бар жағдай жасалынған. Музыка, дене шынықтыру залы, психолог, логопед, тұз шахтасы және кітап әлемі мен ертегілер елінде кабинеттермен қазіргі заман талабына сай қамтамасыз етілген. Баланың денсаулығына аса көңіл бөлінеді. Жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жылдық міндеттемені орындау барысында ертеңгіліктер (Алтын күз, Жаңа жыл, 8-наурыз, 22-наурыз, 1-мамыр, 7-мамыр) көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қырүйек айында барлық топтармен ата-аналар жиналысы өткізілді. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десе болады. Сондықтан, бала бойына құнды қасиеттерді сіңіріп, бақытты балалық шақ сыйлауда отбасы мен балабақшаның ықпалы зор. Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға ата-аналардың белсенді қатысуы балабақша қызметкерлеріне қуаныш сыйлайды. Ең үздік өткізген ата-аналар жиналысы байқауы өтті және сыйлықтар беріліп, мараппатталды.
Қазан айында Түріксіб ауданы №187 бөбекжай-балабақшасында мектепке дейнігі ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушылары арасында «Алаңдағы бестемше» ұлттық ойынынан қалалық жарыс өтті. Жарыста дене шынықтыру жаттықтырушысы Ыдырысова Гаухар 3-орынмен марапатталды.
25 қазан- Республика күні қарсаңында Медеу ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.Мерекелік іс-шараға 200 дей балабақша тәрбиеленушілері қатысып,еліміздің көк байрағы- Мемлекеттік Туымызды, жарқыраған Күн шуақтарын бейнелеген көріністер көрсетіп, Қазақстан туралы патриоттық ән орындады. Мерекелік флешмоб әсем қаламыз- Алматының ең көрікті жері- Көктөбенің баурайында өтуі балалардың еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын паш етіп тұрғандай. Көк Туын желбіретіп, жүздері бал-бұл жанып тұрған бүлдіршіндердің болашақта өз елінің патриоты,ұлт болашағы, Қазақстан Республикасының отансүйгіш азаматтары мен азаматшалары болары сөзсіз.
2024 жылғы 05 қарашада «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы жобалау қызметі» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясының аясында Алматы қаласы Білім басқармасының КМҚК «№125 бөбекжай-балабақшасында» «Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту» жобасымен конференция өтті.
Мақсаты: Балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуда ата-аналармен өзара әрекеттесу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың айналасындағылармен қарым-қатынастың негізгі дағдыларын қалыптастыру, Сингапурдың мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынасының озық тәжірибелерімен бөлісу.
Ата-аналармен өзара әрекеттестіктің жақсаруы біз ата-аналармен ашық және сенімді қарым-қатынас орната алдық. Бұл олардың оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуына ықпал етті. Тәжірибе алмасу Сингапур әріптестердің әлемдік тәжірибесін еңгізу бізге жақынырақ танысуға сонымен бірге ұлттық құндылықтарымызбен бөлісуге және жаңғыртуға мүмкіндік берді. Жоба – балабақша қызметкерлерінің кәсіби өсуіне және білім мен ой алмасуға жағдай жасады. Ата-анамен бірлесе жоба жасау бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай жобалар ата – ананың баламен байланысын нығайтады, баланың әлеуетін ашуға, жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Қазіргі таңдағы білім беру ұйымдары мен отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба дәстүрін сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастыру. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің балалар ата-аналарымен өзара ықпалдастығының дәстүрлі түрлері замануи инновациялық технологиялармен үйлестірілген. Осы бағытта жасалған жұмыстар бойынша балақшамыздың ересек «Жауқазын» тобының тәрбиешілері Аблаева Гулсим Абдусабырқызы мен Ыбраймова Закура Абдоллақызы «Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты үнемді пайдалану» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді. «Әкелер» мектебінің мүшесі ата-ана Садыков Айдос Ермекұлының тікелей қатысуымен ата-баба дәстүрін, дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған ұлттық ойындар: садақ сату мен көкпар ойындарына, «Әжелер» мектебінің мүшесі Қасымжанова Бақытжан Турдахынқызы әжеміздің киіз басу өнерін балалармен бірге көрсетті. Республикалық коференцияға келгендер ұсыныстарымен ізгі-тілектерін білдірді және кешкі жаңалықтардан «КТК» арнасынан көрсетті.
Сонымен қатар «Ұлы дала Ұстазы» Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымға балабақша педагогтарының мақалалары жарық көрді.
«Алматы» телеарнасынан «Таңғы студио» бағдарламасы «Ата-әже», «Сенің қандай құпияң бар?» атты тақырыпта Бала тілі бал айдарына балалар сұхбат берді.
2.12.2024 ж КМҚК 125 бөбекжай- балабақшасында Мектепке дейінгі ұйымның ашылуының 9 жылдығына ұйымдастырылған қалалық үлкен іс- шара өтті. Мерекелік кешке осы балабақшаның ғимаратын әсем де көрікті етіп салып берген қазақтың біртуар ұлы, белгілі кәсіпкер Әділханов Мұрат Әділханұлы, қалалық Білім басқармасының өкілдері, Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы, басқа да қонақтар, балабақша меңгерушілері, ата- аналар қатысты. Үлкен ауқымды іс-шарада балабақша тәрбиеленушілері, қызметкерлері өз өнерлерін көрсетіп, балабақшаның Әнұранының тұсауы кесілді. Кеш қонақтары жақсы тілектер айтып, балаларға жарқын болашақ тіледі. Осы күні балабақшада жаңадан ашылған «Кітап әлемі» атты кітапхана да балалардың білімге, оқуға құштарлығын арттырып, өз үлесін қосатыны анық.
2025 жылдың наурыз айының 19-шы жұлдызында «Мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту» балабақша тәрбиешілеріне арналған аудандық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді. КМҚК психологы Абдукаримова Гульнара Бошановна Алматы қаласы Медеу ауданының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтеріне арналған «Тілек шырағы» және «Кетті-кетті домбыра» тақырыбында психологиялық тренинг және мастер-класс өткізді.
Тәрбиеші Аблаева Гүлсім Абдусабыровна келген қатысушыларды интерактивті тақта арқылы әр түрлі орталықтарға бөліп, таңдалған орталықтарға барды. «Эрбу», «Дәстүрден тыс сурет салу», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ертегілер әлемі» атты орталықта ата-аналар мен тәрбиеленушілер өнерлерін көрсетті.
Әжелер мектебін ұйымдастырушы: «Бәйтерек» мектепалды тобының тәрбиешісі Хамит Алуа Талғатқызы және әже Қасымжанова Бақытжан балабақша тәрбиеленушілермен бірге киіз басу өнерін көрсетті.
Ұшқыр ой орталығын ұйымдастырушы «Қошақан» ортаңғы топ тәрбиешісі Жидебаева Гүлбану мен ата-ана Бижанов Нұржан Нуролович шахмат арқылы балалардың ақыл-ойын дамытты.
Аналар мектебін ұйымдастырушы тәрбиеші Султанова Толғанай Ескендірқызы мен аналар Жақсыбекова Қ, Ғабдуллина А.Д, Жексенбекова Н, Әскербек Ұ. «Анамның тәтті-дәмдері» атты тәрбиеленушілер аналарымен бірге ас дайындады.
Шебер қолдар мектебін ұйымдастырушы тәрбиеші Сабазова Галия Акпержановна мен аналар Нұрхан А.С, Сайлау К.А., Кудайбергенова Ж.М. тәрбиеленушілер мен ата-аналар «Эбру» мен «Дәстүрден тыс сурет салу» пішіндерді бояу әдісін қолданды.
Ертегілер әлемі орталығын ұйымдастырушы тәрбиеші Сулейменова Шынаргуль Маратбековна мен ата-аналар Есжанов Қ.А, Есжанова А.А., Нуртаева Г.М. балалармен бірге ертегілерді сахналады.
Әкелер мектебін ұйымдастырушы тәрбиеші Тұрғанбекова Айдана Қуандыққызы мен әке Садыков Айдос Ермекұлы «Садақ ату», «Көкпар» ойындарын көрсетті.
Тәрбиешілер.Аблаева Г.А, Төкен Д.Д. «Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты үнемді пайдалану» Іс-тәжірибе алмасу, презентациямен таныстырып өтті. Мақсаты: ата-аналармен өзара іс-қимылдың қолайлығы үшін жағдай жасау. Отбасын бірыңғай білім беру іс-шарасына тарту. Ата-аналармен сенімді, серіктестік қарым-қатынас орнату. Жобаның практикалық маңыздылығы: Табысты әлеуметтіндіру: Балалардың ата-аналарымен бірге әлеуметтік дағдыларын дамыту баланың сәтті әлеуметтенуіне ықпал етеді. Бұл оларға басқа балалармен және ересектермен жақсы қарым-қатынас жасауға, достық қарым-қатынас орнатуға және әр түрлі әлеуметтік топтарға сәтті енуге мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Шексіз Талант» аудандық шығармашылық байқауына психолог Абдукаримова Гульнара Бошановна «Үздік презентация». «Ұмытылмас ерлік пен батырлық тарихы» тақырыбында қазақ батырларының майдандағы ерліктері, олардың ұлттың жеңіске қосқан үлесі туралы деректерден презентация жасап 1-орынды иеленіп, «Хореография» номинация бойынша тәрбиешілер Аблаева Гүлсім, Хамит Алуа, Советова Айнур, Төкен Диана, Сұлтанова Толғанай, Тұрғанбекова Айдана және Аблаева Гүлсім «Үздік декламатор» Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім!» өлеңін мәнерлеп оқудан 1-орындармен марапатталды. «Вокал» номинациясы бойынша жеңіс туралы әндерді орындауда музыкант Сақытбай Арайлым Сағадинқызы мен логопед Аппкова Назира Шахмаевна «Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер». Қазақтың ою-өрнектерін пайдалану арқылы жеңіс және батырлық символдарынан макет жасап бас жүлдені аудандық байқаудан және қалалық байқаудан бас жүлдені жеңіп алды.
Осы бойынша 2024-2025 оқу жылында жұмыс жүргізіліп, Мемлекеттік Стандарт талаптары толық орындалып жатыр. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес бөбекжай ұжымының педагогикалық саясатын іске асыратын, оның нәтижелеріне жауап беретін және ұлт болашағымен ұрпақ тәрбиесі секілді ауқымды да маңызды мәселелерді іс жүзінде орындайтын ұжым. Бөбекжай әкімшілігі өз ұжымының мамандар әлеуметін арттыру жұмыстарын алдағы уақыттада мақсатты әрі нәтижелі түрде жүргізіп отыратын болады.